Сообщество не верифицировано администрацией ВКонтакте
Видимость
открытое
Популярность:
У сообщества нет огня Прометея
Домен:
studentpedcoll
Описание
Колледждің студенттер кеңесі – студенттердің қызығушылықтары, оқу – тәрбие жұмыстары жайында туатын сұрақтармен айналысатын студенттердің өкілдері, студенттік өзін-өзі басқару ұйымы. Студенттер кеңесі – колледждегі оқу тәрбиелік процестерді басқарудың жалпы жүйесі болып табылады және студенттердің қоғамдық пікірлерін, олардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін зерттеу негізінде есепке алады.
Студенттер кеңесінің басты мақсаты – колледж басшылығы мен студенттер арасындағы қарым – қатынастарды тереңдету, студенттердің бос уақытын тиімді жоспарлау, оқу үрдісін жақсарту, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға үлес қосу.
Студенттер кеңесінің негізгі міндеттері:
-Студенттер кеңесінің қызметі бойынша жоспарларды, бағдарламаларды, ережелерді, концепцияларды және басқа да жоспарлық құжаттарды өңдеу және орындау;
-Әрбір студенттің жеке өнімді жұмысын және ғылыми-ізденушілік еңбегін ұйымдастыруға, жан-жақты дамуына көмек көрсету;
-Студенттерде патриоттық сезімдерді асқақтату;
-Студенттерді салауатты өмір салтына және азаматтық тәрбиеге баулу, интеллектуалдық потенциалын дамыту және тереңдету;
-Колледж әкімшілігіне оқу және тәрбие процестеріне пайдасын тигізетін іс-шаралар өткізуге көмек көрсету.